16 маусым 2014 16:39

"Алтын белгі" үміткерлерінің 42%-ы сенімді ақтады - Аслан Сәрінжіпов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов ©Тengrinews.kz Аслан Сәрінжіпов ©Тengrinews.kz

Биыл ҰБТ-ға қатысқан түлектердің саны 87 мыңды құрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.


Биыл ҰБТ-ға қатысқан түлектердің саны 87 мыңды құрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі 2014 ҰБТ-ның қортындысы туралы мәлімдеме жасады. "2014 жылғы ҰБТ-ға қатысқан түлектер саны 87 мың түлекті құрады, бұл - жалпы түлектердің 65%-ы ғана. 13 100 мыңнан астам түлек 100 балдан жоғары ұпай жинады. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп. 125 балл жинаған түлектердің саны төртеуден асқан жоқ. Апелляцияға 402 сұрақ берілгенімен, оның ішінде, 14 маусымға дейін 84 сұрақ қанағаттандырылды. Шекті деңгейдегі 50 балды жинай алмағандар саны - 20 200 мың түлек. Бұл - биыл ҰБТ-ға қатысқандардың 23%-ы. Ал 2013 жылы межелі балл жинай алмағандар саны 28% болған еді", - деді министр брифингте.

Айта кететіні, биыл орташа балл еліміз бойынша 2-4 балға өскен. Мәселен, былтыр орташа балл көрсеткіші 75 болса, биыл 76-79 балл шамасын көрсетіп отыр. Аймақ бойынша ең жоғарғы балл жинаған өңірлер арасында Алматы қаласы алда келеді. Мұндай орташа балл 90,6 балды көрсеткен. Өткен жылы 86 балл шамасында болған. Екінші сатыда Астана қаласы 85, үшінші орында Ақтөбе, одан кейінгі орындарға Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары тұрақтаған.

"Орташа балл қалада ғана емес ауылда да өсті. Қалалы жерлерде былтыр 79 балл болса, биыл 81 балды құрады. Бұл - біздің алдағы уақытта айналысатын жұмыстарымыздың бірі. Түлектердің көбі соңғы үш жылда биология, физика пәндерін таңдап келеді. Техникалық мамандыққа барушылардың үлесі көп. Алтын белгінің ақтағандар тек 42 пайыз. Былтыр 34 пайыз ақтаған болатын. Бұл жерде бірінші орында Астана, Орал, ОҚО, Ақтөбе, Ақтөбе, Қостанай мектептері бар. 2014 жылы мектепті 133 мың түлек бітірсе, былтыр 139 мың түлек бітірді", - деді Аслан Сәрінжіпов. 

Министрдің айтуынша, биыл қазақ бөліміне 34 мың грант қарастырылып, оның 12 мыңы техникалық мамандықтарға бөлінген. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына 2,5 мың грант, бес мыңнан астамы педагогикалық мамандықтарға беріліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети