"Алтын Орда" базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары кейінге қалдырылды

04 Шілде 2017, 09:53
0
"Алтын Орда" базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары кейінге қалдырылды - "Алтын Орда" базарының маңындағы жол. © yvision.kz
"Алтын Орда" базарының маңындағы жол. © yvision.kz

ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ өкілдері Алматы облысындағы "Алтын Орда" базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстарына қатысты түсінік берді. Ұлттық компаниядағылар Tengrinews.kz тілшісіне жолды кеңейту жұмыстарының кейінге қалдырылғанын айтты.

"Алматы-Бішкек автожолының16-20 шақырымындағы жолға қатысты жобаға елеулі өзгерістердің енгізілуіне байланысты бұл жоба екі кезеңге бөлінді. Нәтижесінде жоба қарастырылып, Алматы және Алматы облысы әкімгідінің профильді ведомстволары осыған қатысты шешім қабылдайды. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жобаның нақты бағасын білу үшін және оған қатысты қорытынды шешім қабылдау үшін жобаны "Мемлекеттік сараптама" мекемесіне жолдадық. Сондықтан жобаны қарастыруға біраз уақыт кетеді", - деді ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ өкілдері.

Осылайша, құрылыс жұмыстары шамамен 2017 жылдың желтоқсан айында басталады.

Сондай-ақ, компаниялағылар жобаға толықтырулар мен өзгертулер енгізілген кезде "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында эстакада салынатынын және Райымбек ауылының маңында жерүсті жаяу өтпелі жол салу туралы жобаның қосылғанын айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда "Алтын Орда" базарының алдындағы жолды кеңейту үшін сауда орындарының сүрілетіні жайлы айтылған болатын. Ал "Қазавтожол" АҚ өкілдері Алматы-Бішкек автожолының 16-20 шақырымында үнемі болатын кептеліске қатысты мәселені шешу үшін "Алтын Орда" мен "Барлық" сауда орталықтары маңындағы жолдарға арнайы жоба дайындалғанын айтты.

Ал кейінірек "Алтын Орда" базарының маңындағы жолдың алты жолақты болатыны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай