27 қыркүйек 2016 14:24

Алматыда "Алтын Орда" базарының алдындағы жолды кеңейту үшін сауда орындары сүріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын орда" базарындағы автожол © yvision.kz "Алтын орда" базарындағы автожол © yvision.kz

Алматы қаласының маңында орналасқан Алматы-Бішкек автожолын кеңейту мақсатында "Барлық" базарында орналасқан сауда орындарын сүру жұмыстары басталды. 2017 жылдың сәуір айына дейін 25 сауда нысаны сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов хабарлады.


Алматы қаласының маңында орналасқан Алматы-Бішкек автожолын кеңейту мақсатында "Барлық" базарында орналасқан сауда орындарын сүру жұмыстары басталды. 2017 жылдың сәуір айына дейін 25 сауда нысаны сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов хабарлады.

Исаховтың айтуынша, жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары шамамен 2017 жылдың ортасында аяқталады. "15 қыркүйекте министрмен кеңес өтті (ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек), кейіннен ҚР бірінші вице-премьері Асқар Мамин Автомобиль жолдары комитеті, "Казақавтожол" ұйымы мен Алматы облысы әкімдігіндегілерді шақыртып, мынадай шешімге келді: Автомобиль жолдары комитеті берілген жолдарды қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға байқау жариялау. 3,5 шақырымға созылатын жолды қайта құру керек - Қалқаман ықшамауданынан бастап "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніне дейін", - деді Мақсұт Исахов.


"Барлық" базары. © Айнаш Өндіріс


Сүрілетін сауда орындары. © Айнаш Өндіріс

Оның айтуынша, осы учаскелерде 10 жолақтан тұратын жолды салу жоспарланып отыр, яғни әр бағытта бес жолақтан. "Үш жолақ транзиттік болады. Ол Солтүстік айналымдағы жолға ұқсайтын болады. Бұл Қаскеленнен бағыт алған көліктердің ешбір кедергісіз өтіп кетуіне мүмкіндік береді". Сонымен қатар, ол Қалқаман ықшамауданында және "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында да екі бағытта айналымның болатынын айтып өтті.

Алдын ала есеп бойынша, Алматы-Бішкек автожолындағы учаскелерді қайта құру жұмыстарына шамамен 10 миллиард теңге қажет.

Ал "Казавтожол" АҚ өкілдері Алматы-Бішкек автожолының 16-20 шақырымында үнемі болатын кептеліске қатысты мәселені шешу үшін "Алтын Орда" мен "Барлық" сауда орталықтары маңындағы жолдарға арнайы жоба дайындалғанын айтты.

"Қазіргі уақытта бұл жоба ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісілді. Келесі жылдың бюджетінде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау үшін 150 миллион теңге қарастырылған. 2017 жылдың маусым айында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети