Алып тиінді жасаған студенттер анығында неше шығын кеткенін айтып берді

18 Шілде 2018, 12:10
0
Алып тиінді жасаған студенттер анығында неше шығын кеткенін айтып берді -

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері сабаннан алып тиіннің мүсінін қалай жасағанын Tengrinews.kz тілшісіне әңгімелеп берді.

Алматы облысының Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында жаңа алып тиін пайды болды. Ол тиінді 1, 2 және 3 курс студенттері мен Өсімдіктерді қорғау және карантин институтының жұмысшылары бес күннің ішінде жасап шыққан. Оларға қолда бар сабан мен тақтайдан басқа ештеңе қажет болмаған.

"Бізде қаражат болмаған соң, неше шығындағанымызды есептемедік. 230 мың теңге кетті дегені жай қалжың болатын. Ол ақпарат әлеуметтік желілерде лезде таралып кеткен соң бәрі солай ойлады. Тіпті біз санаған жоқпыз, білмейміз де", - деді ҚазҰАУ-нің 2-курс студенті Айдана Ғазизқызы.

Студенттер сабаннан жасалған тиін қаншалықты ұзақ тұратынын білмейтінін айтты.

"Қаншалықты төзімді болатыны белгісіз. Мүмкін бірнеше айға шыдар. Біз арнайы ұзақ тұратындай ештеңе қолданған жоқпыз", - деп мәлімдеді қыз.

Тиіннің биіктігі алты метр. Оның құрылысына 22 студент атсалысқан.

Бүгін Алматы облысының Қарасай ауданында, Алмалыбақ ауылында Дала күнін атап өтті.  Студенттер бұл шараға жыл сайын "Аграрлық секторға" назар аударту үшін белсенді қатысып тұрады.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы "Атакент" сауда орталығында ұзындығы 12 метр, салмағы 12 тоннаны құрайтын тиінді салған еді. Ол сабан, металл мен ағаштан жасалған. Мұндай арт-құрылыстың бағасы 23 миллион теңгеге шықты.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай