Амал не, жемқорлық жойылар емес - Сұлтанов Мелдебековтің ұсталуы жайлы

27 Маусым 2017, 15:22
0
Амал не, жемқорлық жойылар емес - Сұлтанов Мелдебековтің ұсталуы жайлы -

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеуге қатысты ештеңе айта алмаймын, бірақ министрліктің жұмысы жайлы айтатын болсақ, біздің қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар басымырақ. Амал не, жемқорлық әлі де жойылар емес", - деді Бақыт Сұлтанов есеп беру барысында.

Сондай-ақ, ол департаментте қызметтік тексерістердің жүргізілетінін айтты.

"Қызметтік тексерістер жүргізіледі, біздің басқа өңірлік бөлімшелерімізде осындай жағдайлар қайталанбас үшін кеткен қателіктерді іздейміз. Қажетті қызметтік тергеу жүргізіледі, осы департаменттің немен айналысып келгені сарапталады", - деді министр.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мелдебеков ұсталған болатын. Күдікті жүйелі түрде пара алып тұру үшін мемлекеттік аудиторлар - Д.Е. Апеисова мен Ш.А.Шамилдан тұратын қылмыстық топ құрған. Тінту жұмыстары барысында Мелдебеков тұратын үйдегі қызметтік кабинеттен 54 миллион теңге мен 120 мың доллар тәркіленген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай