24 қараша 2021 11:09

Амандық Баталов Алматы облысы әкімі қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Баталов 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын "Инженер-гидротехник" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1975 жылы Алматы қаласындағы "Казглавселезащита" жобалау-құрастыру бюросының аға инженері болып бастап, әржылдарда құрылыс саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды. Кейін Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қаласы Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

2008 жылдың сәуірінен - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Амандық Баталов 2014 жылдың 20 тамызынан бастап Алматы облысының әкімі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети