20 тамыз 2014 12:17

Алматы облысының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амандық Баталов. ©rus.azattyq.org Амандық Баталов. ©rus.azattyq.org

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында Алматы облысының жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында Алматы облысының жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Алматы облысының активіне жаңа әкім Амандық Баталовты таныстырды", - делінген хабарламада. Бұрын облысты Аңсар Мұсаханов басқарып келген еді.

Баталов 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын "Инженер-гидротехник" мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі: "Алматықұрылысбөлімі" тресінің 37-құрылыс-жөндеу басқармасының аға прорабы, бас инженері, бастығы (1981 - 1985); Қазақстан коммунистік партиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және құрылысы материалдары өнеркәсібі кәсіподақтары облыстық комитетінің төрағасы (1987-1989); Іс басқармасының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, басшысы (1992-1994); Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995); Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (1995-2001); Алматы облысы әкімінің орынбасары (06.2001-04.2008); Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2008 жылдан бері).

Мұның алдында Мемлекет басшысы Алматы облысындағы кардиохирургиялық орталықты аралап көрді, сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлермен және ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен кездесті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети