27 мамыр 2021 16:16

Алматы облысының әкімі зейнетке шығу туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зейнетке шығуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зейнетке шығуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менен де осыны көп сұрайды, бірақ Мемлекет басшысы маған бұл лауазымды сеніп тапсырып отыр, күшім мен денсаулығым жетеді. Мен өз қарамағымдағы адамдарға әрдайым былай айтамын: "Ертең сағат 12.00-де жұмыстан босайсың десе, мен жұмысымды 12.00-ге дейін адал, жауапты, адамдар үшін атқарамын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаймын. Болды. Қашан кететінімді, ертең бе, арғы күні ме, алты айдан соң ба, оны ойлана берсін. Қазіргі уақытта халық үшін, облыс үшін бір нәрсе болсын жасауға мүмкіндігім бар", - деді Алматы облысының әкімі ОКҚ онлайн-брифингінде журналистің сұрағына жауапта.

Баталов тәжірибесін жастарға үйретуге тырысатынын да айтты.

"Жұмыс өте көп. Жақсылық жасаған кезде бұл жұмыстан тек ләззат аласың", - деді Амандық Баталов.

Айта кетейік, Амандық Баталов Алматы облысы әкімі қызметін 2014 жылдан бері атқарып келеді. Бұрын облысты Аңсар Мұсаханов басқарып келген еді.

Амандық Ғаббасұлы Баталов қазір 68-де. Ол 1952 жылы 22 қарашада Өзбекстанның Нөкіс қаласында дүниеге келген, 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын "Инженер-гидротехник" мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі: "Алматықұрылысбөлімі" тресінің 37-құрылыс-жөндеу басқармасының аға прорабы, бас инженері, бастығы (1981 - 1985); Қазақстан коммунистік партиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және құрылысы материалдары өнеркәсібі кәсіподақтары облыстық комитетінің төрағасы (1987-1989); Іс басқармасының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, басшысы (1992-1994); Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995); Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (1995-2001); Алматы облысы әкімінің орынбасары (06.2001-04.2008); Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2008 жылдан бері).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети