25 шілде 2016 17:59

Америкалық ірі компания "Шымкент-Сити" құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО баспасөз қызметі © ОҚО баспасөз қызметі

Ірі америкалық компания "Шымкент-Сити" құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ірі америкалық компания "Шымкент-Сити" құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Костанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан "Шымкент-Сити" ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.

Айта кетейік, АЕСОМ - сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156-орында тұр.

Сонымен қатар, АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі "Москва Ситиді" атап өтуге болады. Айта кетейік, Қазақстан АЕСОМ компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети