Жамбыл обылысында болған Ан-2 ұшағы апатынан жалғыз тірі қалған Әсем Шаяхметова ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл обылысында болған Ан-2 ұшағы апатынан жалғыз тірі қалған Әсем Шаяхметова ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Емделуші Әсем Шаяхметова бүгін, 10 наурызда қанағаттанарлық жағдайда емханада емделуге шығарылды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Емделуші ұсынысымен, әрі қарай сауықтыру терапиясын ол тұрғылықты жері бойынша емханадан алады. Емделушіге қорытынды рентгенограммалармен ауруханадан шығарылған күннен бастап бір ай өткенде тексеруге келуге кеңес берілді, біз омыртқа буындары мен аяқтың төменгі сүйектеріне операция жасаған болатынбыз", - деді №1 қалалық аурухананың политравма және қалпына келтіру ортохирургия орталығының басшысы Руслан Ботаев.
Дәрігердің айтуынша, емделушіге қажетті операцияның барлығын Астана қалалық клиникалық ауруханасының мамандары жасады.
"Қазір үйге барамыз. Шығарып жатқандары үшін қатты қуаныштымын. Мен мұнда 50 күндей жаттым, жалпы күрделі 9 операция жасалды, тағы да жеңілдері болды, енді сауықтыру курсынан өту керек. (...) Мен бұл күнді ұзақ күттім, жақсылықтан үміттендім, міне жақсылық болды. Интернеттен көп пікір оқыдым, маған осылайша қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысым шексіз. Сонымен қатар, астаналық бірінші аурухананың дәрігерлеріне рақмет, бұл жерде расымен де жоғары пилотажды дәрігерлер жұмыс істейді, олар кез келген аяқты жинап, адамды тік тұрғыза алады. Қазіргі арманым тезірек, адам сияқты жүргім келеді, ешқандай арбасыз, тым болмаса осы жылы. Жұмысқа шыққым келеді", - деді Әсем Шаяхметова журналитерге аураханадан шығып жатып.
Еске сала кетейік, 20 қаңтарда сағат 15.40-та Шатыркөл кен орны маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында жеті адам болған, арасында экипаждың үш мүшесі бар. Жалғыз Әсем Шаяхметова тірі қалды.
Шаяхметова бір метрлік қардың астынан шығып, құтқарушыларды өзі шақырды. Ұшақ апатқа ұшыраған күні қыз Шу қалалық ауруханасына сол жақ жамбасының және оң жіліншігінің ашық сынығы, бассүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, бет терісінің сыдырылуы және 3-дәрежедегі зақымданудан есеңгіреу диагнозымен жеткізілген болатын. 22 қаңтарда Әсем Шаяхметова санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіліп, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Зерттеулер нәтижесінде науқастың бас миы зақымданғаны, сондай-ақ оң жақ бетінің сүйегінде, бел омыртқасында, сол жақ жамбасы мен екі жіліншегінде ашық және тұйық сынықтар бар екені белгілі болды. Астанада қызға бірнеше күнде бес ота сәтті жасалды. 2 ақпанда Шаяхметова палатаға ауыстырылды. Жасалған операциялардан кейін үш апта өткенде дәрігерлер емделушіні аяғынан тік тұрғызып, ол арнайы арбалардың көмегімен қозғала бастады.
Шаяхметованың апат кезінде басынан кешкендері туралы БАҚ өкілдеріне қыздың туыстары, кейін қыздың өзі Tengrinews.kz-ке толық айтып берген еді.
Тергеу жұмыстары апаттың бірнеше себебін айтып отыр, олардың ішінде әуе кемесінің техникалық оқаулар мен адами фактор бар. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеудің нәтижелерін 2-3 айдың ішінде жариялауға уәде берілді.