28 маусым 2020 09:45

Анталияға демалуға барған қазақстандықтардан COVID-19 анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

21 маусымда ұзақ уақыт карантиннен кейін Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы қазақстандық рейс ұшты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


21 маусымда ұзақ уақыт карантиннен кейін Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы қазақстандық рейс ұшты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, оның ішінде төрт адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда олар Анталиядағы қалалық ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар оқшауланды. 

Түркия билігі шетелдік туристердің емделуі үшін жергілікті ауруханадан да, қонақүйлерден де орын бөлген. Қазақстанның Түркиядағы елшісі отандастарымызды пандемия кезінде шетелге шығуға жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

"Түрік жағалауына келгеннен кейін қазақстандық туристердің дене қызуын өлшейді. Егер дене қызуы 37-38 градустан жоғары болса туристер коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтеді. Одан кейін диагноз расталса, оларды ауруханаға немесе жағдайы қанағаттанарлық болса өзін-өзі оқшаулауға жібереді. Анталияда аурухана жеткілікті, шамамен 18 емхана бар. Алайда туристер денсаулығын қадағалап отыруы керек", - дейді Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы.

Айта кетейік, 28 маусымдағы мәлімет бойынша, Түркияда жалпы 195 883 адам COVID-19 жұқтырса, оның ішінде, 170 мыңға жуық адам аурудан айыққан. Жалпы 5082 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети