Қазақстан аумағына найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел мен шаңды дауыл әкелетін циклон жылжып келеді. Осыдан кейін елдің солтүстігі мен орталығында көптен күткен салқындық орнайды. Ал оңтүстік және шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Қазақстан аумағына найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел мен шаңды дауыл әкелетін циклон жылжып келеді. Осыдан кейін елдің солтүстігі мен орталығында көптен күткен салқындық орнайды. Ал оңтүстік және шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 35-37 градус аптап ыстық.
Алматы - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 33-35 градус аптап ыстық. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жауын-шашынсыз. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25 жылы.
Шымкент - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 37-39 жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23 жылы, күндіз 32-37 градус аптап ыстық, облыстың батысында 25 жылы. Көкшетау - күн құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 33-35 градус аптап ыстық.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Батыстан соққан жел шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы аймақтарында 9-14 жылы, күндіз 32-37 градус аптап ыстық, облыстың солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың таулы аймақтарында 22-27 жылы. Қонаев - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан жел шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 35-37 градус аптап ыстық.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23, облыстың таулы аймақтарында 11 жылы, күндіз 33-38 градус аптап ыстық, облыстың таулы аймақтарында 28 жылы. Талдықорған - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 34-36 градус аптап ыстық.
Түркістан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында 17 жылы, күндіз 36-41 градус аптап ыстық, облыстың таулы аймақтарында 32 жылы. Түркістан - күн құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 38-40 градус аптап ыстық.
Батыс Қазақстан облысы - батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 жылы, күндіз 25-30 жылы. Орал - күн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 жылы.
Атырау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-32 жылы. Атырау - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.
Маңғыстау облысы - түнде облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте, солтүстікте, облыс орталығында кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, оңтүстікте, солтүстікте, облыс орталығында кей уақытта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 30-35, облыстың батысында 27 жылы. Ақтау - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 25-27 жылы.
Қостанай облысы - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 30 жылы. Қостанай - аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 24-26 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде 9-14, облыстың батысында екпіні секундсына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундсына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың батысында 25 жылы болады.Петропавл - айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде секундсына 9-14 метр, күндіз 15-20, екпіні секундсына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 31-33 жылы болады.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық болады.Павлодар - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Қарағанды облысы - күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20 жылы, күндіз 31-36 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады.Қарағанды - айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, күннің соңында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, күннің соңында секундсына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 жылы болады.
Ұлытау облысы - күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30 жылы, облыстың шығысында 35 градус қатты ыстық болады.Жезқазған - айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 7-12, екпіні секундсына 15 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-29 жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундсына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 22, күндіз 29-34, облыстың шығысында 24 жылы болады.Өскемен - айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 жылы болады.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундсына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың батысында 27 жылы болады.Семей - айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 жылы болады.
Қызылорда облысы - түнде жаңбыр, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы түнде 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында секундсына 15-20 метр, күндіз секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың солтүстігінде 20, күндіз 29-34, облыстың оңтүстігінде 39 жылы болады.Қызылорда - айнымалы бұлттылық, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз дауыл, шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 32-34 жылы болады.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстік-батысында, таулы аудандарында секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, оңтүстікте және таулы аудандарда 31 жылы болады.Тараз - айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 жылы болады.