Ақтөбедегі науқастар "Актовегин" қабылдағысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі науқастар "Актовегин" қабылдағысы келмейді ©aktovegin.su

Ақтөбе емханасының науқастары дәрігердің белгілегеніне қарамастан "Актовегин" дәрі-дәрмегін қолданудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Науқастар бір ай бұрын аталған препараттың ел территориясындағы тұтынысына тыйым салынғандығынан қауіптеніп отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе емханасының науқастары дәрігердің белгілегеніне қарамастан "Актовегин" дәрі-дәрмегін қолданудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Науқастар бір ай бұрын аталған препараттың ел территориясындағы тұтынысына тыйым салынғандығынан қауіптеніп отыр.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Неврология кафедрасының жетекшісі Гүлнар Қабдрахманованың пікірінше, бұлай қобалжуға еш негіз жоқ, өйткені аталған дәрі-дәрмек түрі Қазақстанда соңғы 20 жыл бойы қолданылып келеді.

Маманның айтуынша, осы кезең барысындағы ем-домда "Актовегинді" пайдаланған науқастарға қатысты қандай да бір мәселе туындаған емес. Ал препаратқа салынған тыйым жөніндегі  мәліметті "сары басылымдар" таратқан, салдарынан қоғамда "Актовегин" мен дәрігерлер туралы теріс көзқарас орын алған. 

Еске сала кетелік, аталған препаратқа Ақтөбеде 2014 жылдың наурызындағы үш әйелдің өлімінен соң тексеру жүргізілген. Олар үшінші қалалық емханада тамырына "Актовегин" сұйығын тамыздыртқаннан кейін көз жұмған. Осы оқиғадан соң ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен оны еліміздің барлық медициналық мекемелерінде пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе, екі сериясына: 10792284 және 10829931. Дәрі-дәрмектерді сараптау жөніндегі ұлттық орталық жүргізген тексеру нәтижесі "Актовегиннің" қауіпсіз  әрі барлық халықаралық стандартқа сай екендігін көрсетті. Ал әйелдердің өліміне олардың жүрегіндегі ақаулары себеп деп танылды. Сөйтіп 11 мамырдан бастап бұл дәрі түрін еліміздің барлық медициналық мекемелері қайтадан қолдана бастады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети