Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Атышулы "Актовегин" қауіпті емес болып шықты

18 Сәуір 2014, 18:10
0
©Аif.ru
©Аif.ru

Қазақстанда қолдануға уақытша тыйым салынған атышулы "Актовегин" препараты қауіпті емес болып шықты. Ұлттық сараптама орталығының мәліметінше, "Актовегин" нормативті құжаттармен сәйкеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ Заттардың медициналық тағайындалуы мен медтехникасы, дәрілік заттар экспертизасы ұлттық орталығының фармакология басқармасының бастығы Раиса Көзденбаеваға сілтеме жасап.

"Актовегин" препараты нормативтік құжаттармен сәйкес келетіні жөнінде Ұлттық сараптама орталығының мәліметі бар. Қалған дәрі-дәрмектер әлі зерттеліп жатыр. Әзірге бұл препараттарды қолдануға уақытша тыйым салынған. "Актовегин" елімізде көп жылдардан бері қолданылып келеді және бұл дәрі туралы теріс пікір айтылмаған",- деп түсіндірді Р.Көзденбаева. "Актовегин" препараты елімізде қай жылдан бері қолданылып келе жатқанын осы жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде үш әйелдің өліміне себепші болған "Актовегин" препаратын тұрғындарға егуге тыйым салған болатын. Оған комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хаты себеп болған екен. Онда әлгі препараттың адам денсаулығына кері әсер еткендігі көрсетілген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай