07 ақпан 2014 17:13

Араб елдері экстремизммен күресуге көмектеспек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото postlibperm.blogspot.com сайтынан Фото postlibperm.blogspot.com сайтынан

Қазақстанның дін істері агенттігі Араб Әмірліктері, Қырғызстан мен Түркияның құзіретті органдарымен ортақ келісімге қол қойып, діни қауіпсіздік саласында бірлесіп жұмыс істеуді көздейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановқа сілтеме жасап. "Аталған құжат аясында өзара ақпарат пен тәжірибе алмасу қарастырылған. Сондай-ақ біздің мамандар бірлесіп жұмыс істеп, өз дайындықтарын шыңдайды", - деп атап көрсетті М.Әзілханов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Агенттік төрағасының айтуынша, бүгінде Қазақстанның кәсіби дінтанушы мамандары күнде ғаламторды бақылап, ондағы экстремистік және деструктивті мазмұны бар ақпарат көздерін анықтап жатады. Мәселен, өткен жылы күдікті деп танылған 2 мыңнан астам сайт мен материалға сараптама жасалды. Соның нәтижесінде 160 сайт пен 46 бейнематериал бойынша теріс шешім шығарылды. "Аталған сараптама әзірше кеңес беру сипатына ие. Алайда оның барлығы сот сараптамасынан өткеннен кейін қылмыстық іс болып танылады", - дейді агенттік төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети