15 ақпан 2014 17:00

Ардагер полицейлер мектепке қайырымдылық жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Finpol.gov.kz ©Finpol.gov.kz

Қаржы полициясы органдарының ардагерлері Алматы облысы Ильинка елді мекеніндегі №69 орта мектепке 200-ден астам кітапты сыйға тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ардагер полицейлер бүгін Ильинка елді мекеніндегі мектепті аралап көріп, мектеп кітапханасына 200-ден астам әдебиетті табыс етті. Былтыр пайдалануға берілген бұл білім шаңырағы кітап қорынан тапшылық көріп отырған еді. "Биыл "Қаржы полициясы ардагерлері одағы" қоғамдық ұйымының құрылғанына бес жыл толады, түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастыру қаржы полициясы ардагерлерінің игі дәстүріне айналды. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, қоғамдық ұйым өкілдері мектептің кітап қорын пайдалы әрі аса қажет кітаптармен толықтыруға күш салуды ұйғарды", - дейді қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі. Кітап тапшылығын көріп отырған білім мекемесіне қол ұшын беруге еліміздің әр аймағындағы ардагерлер үн қосқан. Сыйға тартылған кітаптардың басым бөлігі - батыс әдебиеті классиктерінің, атап айтқанда, Вальтер Скотт, Ромен Роллан, Жюль Верн, Теодор Драйзер сияқты ұлы жазушылардың шығармалары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети