21 қараша 2018 08:57

"Арман, үмітіміз үзілді". Алматы тұрғыны Пол Маккартниден көмек сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/timofey.bannikov © facebook/timofey.bannikov

Алматы қаласының тұрғыны Тимофей Банников Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында аңызға айналған британиялық музыкант, The Beatles тобының негізін қалаушылардың бірі Пол Маккартниден көмек сұрады, - деп хабарлайды inAlmaty.kz тілшісі. 

Өткен аптада Тимофей мен оның отбасы (жұбайы мен екі кішкентай баласы) Бостандық ауданында болған өрттен кейін үйлерінен айырылды. Отағасы жағдайдың нашар екенін айтып, халықтан көмек сұрағысы келмепті, орнына қызықты видео түсірген. 

"Менің атым Тимо, мен "Битлз" музыкасының берілген жанкүйерімін, өзім бала кезімнен ән айтып, аспапта ойнаймын - олардың сөздері маған өмір мен ағылшын тілін үйретті. Отбасым сүйікті үйінен айырылды. Біздің арман, үмітіміз үзілді. Өтінемін, оны қалпына келтіруге көмектесіңіздерші. Қанша көп берсең, сонша есе қылып аласың дегенге әрдайым сенетінмін. Сіздерден ақпаратты таратып, бөлісуді сұраймын. Барлығымыз қатты риза болушы едік!" - деп жазған Алматы тұрғыны. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети