19 қараша 2021 17:00

Армения Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/alexey.tsoy.3 Фото:facebook.com/alexey.tsoy.3

Армения Қазақстанның COVID-19-ға қарсы вакцина паспортын мойындады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Армения Қазақстанның COVID-19-ға қарсы вакцина паспортын мойындады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін армяндық әріптесім, Армения денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесянмен Ереванда кездестім. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакцинация паспорттарын өзара мойындау туралы жарияланды", - деді министр.

Ол Армения вакцина паспорты Қазақстанда танылған 20-мемлекет болғанын атап өтті.

Алексей Цой бас санитарлық дәрігердің қаулысынан үзінді жариялады, онда вакцина паспорты Қазақстанда жарамды деп танылған мемлекеттердің толық тізімі көрсетілген.

"Қазақстан аумағында мынадай елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцина паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылады: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети