12 ақпан 2014 18:28

Артемьев кенішінде еңбек дауы шешілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артемьев кенішіндегі наразылық шарасы. ©Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы Артемьев кенішіндегі наразылық шарасы. ©Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы

"Қазақмыс" корпорациясының басшысы Эдуард Огай Шығыс Қазақстан облысында болған жұмысшылар ереуіліне қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Келісімге қол қойылды, жанжал тыйылды. Жалақы төлемі көтерілмеді, тарифтік ставка және тапсырмалар мен жасалған жұмыс көлеміне қарай төленетін төлем қайта қаралды. Біздің барлық жұмысшымыз жаңа тарифтік ставкаға келісті", - деді Огай Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Ол еңбек қауіпсіздігі мәселесіндегі статистика бойынша "Қазақмыстың" мақтана алмайтынын мойындады. "Бізде қазір еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруда үлкен мәселелер бар. Көп қаражат жағдайды жақсарту мен жұмысшылардың жарақат алу деңгейін азайтуға жұмсалып жатыр. Теңге бағамының түзетілуіне байланысты қаржы үнемделетін болса, біз ол қаржыны еңбек жағдайын жақсартуға бағыттаймыз. Соңғы айда біз мердігер ұйымдарды қосқанда төрт адамнан айырылдық. Бұл өте көп. Бізде бұрын-соңды мұндай болмаған", - деді корпорация басшысы. Эдуард Огай бұл оқиғалар бойынша мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты. Естеріңізде болса, қаңтар айының соңында Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев кенішінде 100 адамнан тұратын түнгі ауысым шахтадан шықпай қойған еді. Осылайша жұмыс берушіге наразылық білдірген топ жалақының көтерілуін, еңбек жағдайын жақсартуды, қайғылы оқиғалардан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді талап етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети