29 қараша 2023 17:27

"Артспорт" бағдарламасын іске арыру барысында тағы заңбұзушылықтар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ақмола облысының прокурорлары "Артспорт" бағдарламасын іске арыру барысында заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Ақмола облысының прокурорлары "Артспорт" бағдарламасын іске арыру барысында заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы "АртСпорт" бағдарламасын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізді.

"Бұл бағдарлама балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған, жеткізушілердің үй-жайларды жалға алу және жаттықтырушылардың жалақысы үшін барлық шығындарын мемлекет төлейді.

Алайда, жосықсыз кәсіпкерлер бұл бағдарламаны бюджет қаражатын жымқыру үшін пайдаланды. Тексеру барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, "өлі жандарды" рәсімдеу деректері анықталды", - делінген хабарламада.

Мысалы, Ерейментау қаласында кәсіпкер үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра мен би үйірмелерін ашқан.

Сонымен қатар, домбыра және шахмат ойыны бойынша сабақтар іс жүзінде өткізілмеген, ал қалған үйірмелерге қатысатын балалардың саны асыра көрсетілген. Ұрланған бюджет қаражатының жалпы сомасы 6 миллион теңге болады

Прокуратура осы факт бойынша қылмыстық істі тіркеді, ол кейіннен сотқа жолданды.

Сот үкімі бойынша аталған кәсіпкер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды", - делінген хабарламада.

Тағы бір мысал, Көкшетау қаласының кәсіпкерлерінің бірі волейбол және үстел теннисі секцияларын тіркеді.

"Екі секцияда да бірдей балалар болды, ал іс жүзінде олар тек волейболға барды, теннис сабақтары өткізілмеді, бірақ кәсіпкер бюджет ақшасын алғаны туралы табель толтырды. 6 ай ішінде ол 1 миллион теңгеден астам иемделді.

Қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды, залал өтелді, осы кәсіпкермен шарт бұзылды".

Прокуратура тексеру нәтижелері бойынша алаяқтық фактілерімен осындай жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты барлығы 5 қылмыстық іс қозғалды, мемлекетке келтірілген залал көлемі 16 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта барлық істердің тергеуі аяқталды, 3 айыптау үкімі шығарылып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети