10 тамыз 2020 11:49

Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қоғам қайраткері, "Дом" қорының басшысы Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қоғам қайраткері, "Дом" қорының басшысы Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аружан Саин үндеуін Instagram желісінде жариялады.

"10 тамыз - менің туған күнім. Мен үшін ең бағалы сыйлық, әдеттегідей - ауыр дертпен күресіп келе жатқан балақайларға жанашырлық танытып, оларға қайырым жасағаныңыз. "Балаларға өмір сыйла" - елімізде әзірге емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың еміне қаржы жинайтын маңызды жоба. Биыл бәріміз үшін ауыр жыл болды, "Балаларға өмір сыйла" жобасына түскен қаржы көлемі азайды, бірақ біз әр балаға көмек көрсетіледі деп сенеміз.

Жоба аясында жиналған қаражат тек балалардың еміне ғана жұмсалады", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті достар! 10 тамыз - менің туған күнім. Мен үшін ең бағалы сыйлық, әдеттегідей - ауыр дертпен күресіп келе жатқан балақайларға жанашырлық танытып, оларға қайырым жасағаныңыз. «Балаларға өмір сыйла» - елімізде әзірге емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың еміне қаржы жинайтын маңызды жоба. Жоба аясында жиналған қаражат тек балалардың еміне ғана жұмсалады. Қаржының кіріс-шығысы туралы мәлімет әр 10 күн сайын https://detdom.kz/reports сайтында жарияланады. Емге мұқтаж балаларға https://detdom.kz/paymentsсайты арқылы онлайн- қайрымдылық жасай аласыз. ? Kaspi.kz ➡ төлемдер ➡ басқа ➡ қайырымдылық ➡ «Мейірімділк» ерікті қоғам қоры ? Сбербанк Қазақстан ➡ қызметтерді төлеу ➡ қайырымдылық ➡ «Мейірімділк» ерікті қоғам қоры ? ForteBank Forte ➡ қызметтерді төлеу ➡ қайырымдылық ➡ «Мейірімділк» ерікті қоғам қоры ? Halyk Bank және Qazkom ➡ https://birgemiz.kz (Halyk Bank қайырымдылығыңызды 20 % көбейтеді) ? «QIWI» мен «Касса 24» терминалдары арқылы «Балаларға өмір сыйла» жобасына қайырымдылық жібере аласыз ? Кез келген жеке немесе заңды тұлғаның атынан банктік аударым жасау ✔Жоба аясында жиналған қаражат 100% балалардың еміне ғана жұмсалады ✔ Төлем деректемелері мен қаржының кіріс-шығысы туралы мәліметпен detdom.kz сайтынан таныса аласыз Телефон: +7 (727) 267-66-46, 250-12-86 Емге мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, оларға бақытты өмір сүруге үміт сылап жүрген әр азаматқа алғыс айтамын! @agarty достарымызға дизайн көмек үшін көп рахмет!!!

Публикация от Аружан Саин (@aruzhan_sain)

Қаржының кіріс-шығысы туралы мәлімет әр 10 күн сайын detdom.kz сайтында жарияланады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети