03 қараша 2021 16:56

Аружан Саин Түркістан облысының имиджіне жұмсалған шығынға ашуланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Түркістан облысында спортқа бөлінген бюджет қаражатын орынсыз жұмсайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, спорт секцияларының орнына билік имидждік іс-шараларға жүздеген миллион жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Түркістан облысында спортқа бөлінген бюджет қаражатын орынсыз жұмсайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, спорт секцияларының орнына билік имидждік іс-шараларға жүздеген миллион жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір мәселесін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қозғады. Ол өз сөзінде мектептерде ювеналды полиция инспекторлары жеткіліксіз екенін айтты.

"Барлық өңірлік мектептерде барлығымызға белгілі буллинг мәселесі бар. Яғни кіші балалардан "үлкендер"  ақша жинау, күш көрсету. Сондықтан жергілікті деңгейде құқық қорғау органдарына жедел жұмыс жүргізуге және ақша жинаумен айналысатын топтарды ұстауға кеңес беремін. Бізде мектептерде ювеналды инспекторлар жетіспейді. Бір инспектор 10 және одан көп мектептерде жұмыс істейді. Бұл Түркістан облысында бұрыннан келе жатқан проблема. ІІМ тарапынан әрбір мектепте жұмыс істейтін ювеналды инспекторлардың штаттық санын көбейтуге көмек қажет", - деді Қалқаманов Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ВАК отырысы барысында.

Балалар омбудсмені Аружан Саин спорттық үйірмелер мен секцияларды аралау арқылы бұзақылық мәселесін шешуді ұсынды. Дегенмен, оның айтуынша, облыста бұл бағытта әлі де тиісті қаржыландыру жоқ.

"Сіздердің қолдауларыңыз осы мақсатқа бөлетін бюджетте көрсетілуі керек. Облыста 870 мың бала бар болғанымен, 241 секция мен үйірме ғана тіркелген. Спорт бойынша секциялар мен үйірмелерге - 93 миллион, мәдениетке - 117 миллион 321 мың бөлінген, бұл өте аз", - деді бала құқықтары жөніндегі омбудсмен.

Сонымен қатар, Саин аймаққа қосымша бюджет бөлу үшін Үкімет шешімі қажет емес, "ішкі шешімдер жеткілікті" екенін атап өтті.

"Сіз біздің балаларымызды құрбан ете отырып, кәсіби командаларды қаржыландырасыз. Мәдениет басқармасы, спорт басқармасы кәсіби командаларды қаржыландырмауы керек және жүздеген миллиондарды имидждік брендтерге бағыттамай, керісінше кәсіпкерлерді, мұғалімдерді, жаттықтырушыларды секциялар мен үйірмелерге тартуы керек. Билік тарапынан көмек керек", - деп түйіндеді Аружан Саин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети