05 шілде 2019 14:15

Арыста 100 мың теңгеге байланысты жалған ақпарат дүрбелең тудырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Murat Zhumanbai/facebook.com © Murat Zhumanbai/facebook.com

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Мұрат Жұманбай Арыс тұрғындарына мемлекеттен берілетін 100 мың теңге көлеміндегі бір жолғы көмекті алу үшін ешқандай құжат жинау керек еместігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Мұрат Жұманбай Арыс тұрғындарына мемлекеттен берілетін 100 мың теңге көлеміндегі бір жолғы көмекті алу үшін ешқандай құжат жинау керек еместігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әлеуметтік желілерде Арыс қаласының тұрғындары үшін 100 мың теңге көлемінде мемлекеттен бір жолғы көмек алу үшін құжаттар тізімін жинау туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты тұрғындар көптеп ХҚКО-ға барып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бір жолғы көмекті рәсімдеу үшін мәліметтер Түркістан облысы полиция департаментінің деректер базасынан сұралады", - деп жазды Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласында өткен брифингте материалдық көмек пен жәрдемақы алу үшін барлық тұрғындар туралы ақпарат полиция департаментінен сұралатынын түсіндірген. "Жәрдемақы алу үшін құжаттар тізімін жинаудың қажеті жоқ. Өзіңізбен тек жеке куәлік болса жеткілікті. Арыс бойынша 17 штаб құрылды. Тұрғындарға сол жаққа бару керек, онда штаб қызметкерлері ақпарат жинап жатыр", - деді Шүкеев.

Сонымен қатар, Жұманбай тұрғындар ХҚКО-ға үйлерін жөндеу үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құжаттары туралы анықтама және жеке кәсіпкерлер үшін 1 пайыздық жеңілдікпен несие алу үшін анықтамаға жүгінетінін атап өтті.

"Осыған байланысты халықтан арандатушылыққа алданбауды және уәкілетті органдардың ақпараттарын мұқият қадағалап отыруды сұраймыз", - деп қорытындылады Жұманбай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети