23 қыркүйек 2019 14:46

Арыста зардап шеккен саперлердің үшеуі ауыр халде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласының маңында оқ-дәрілердің жарылу салдарынан зардап шеккендердің арасында үшеуі ауыр халде жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Ерлан Ермекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Арыс қаласының маңында оқ-дәрілердің жарылу салдарынан зардап шеккендердің арасында үшеуі ауыр халде жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Ерлан Ермекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"21 қыркүйекте зардап шеккен әсерилер жедел түрде госпитальға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Үшеуінің жағдайы ауыр, біреуінің жағдайы - орташа деңгейдегі ауыр және тағы біреуінің жағдайы - қанағаттанарлық. Олар таяуда қатарға қосылады деген үміттеміз", - деді Ермекбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде. 

Арыс маңында 10 сапер жарақат алды

"Қазіргі уақытта нағыз жауапты сәт, Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын тазарту бойынша өте қиын әрі тәуекелге баратын кезең болып тұр. Әскерилер әскери бөлім аумағын толық тазартып, залалсыздандырды. Яғни, қалаға, тұрғындарға еш қауып жоқ. Тәуекелге баратындай ештеңе жоқ. Негзігі жұмыстар әскери бөлімде, қойманың ішінде басталды және онда жарылмай қалған қалдықтарды тазарпту жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр. 

Оның айтуынша, қажетті шаралар қолданылып жатыр, алайда кей жағдайда әр түрлі себептермен мұндай оқиғалар залалсыздандыру кезінде болып тұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети