26 маусым 2019 14:48

Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны 160-тан асты - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстағы жарылыстар салдарынан зардап шеккендердің саны 160-тан асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Арыстағы жарылыстар салдарынан зардап шеккендердің саны 160-тан асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыс барысында Түркістан облысының Арыс қаласындағы ағымдағы жағдай қаралып, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Арыс қаласында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, жарылыс салдарын жоюға қатысқан барлық қызметтер мен еріктілердің қажырлы еңбегін атап өтті.

"Соңғы ақпарат бойынша зардап шеккендер саны 160 адамнан асты. Барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өткен жөн. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтар алаңдаушылығын білдіреді,ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірігеді. Бір аймақтың қиыншылықтары мен қиындықтары біздің ортақ мәселеіміз болып табылады. Халықтың мықты бірлігінің арқасында біз барлық қиындықтарды жеңеміз. Барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тарапынан өңірдің қалыпты тіршілігін тез арада қалпына келтіру және халыққа жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.

Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша еліміздің су ресурстары мен су шаруашылығы объектілерінің жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ халық үшін ауыз суға қол жеткізу және суды ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Арыс қаласында адамдардың үйлеріне қайтуын ұйымдастыру және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети