19 маусым 2020 11:49

Әсерлі видео жазған көпбалалы әке ақша жинауды тоқтатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында түсірген әсерлі видеосы Желіде қызу талқыланған көпбалалы әкеге жаңа үйге үш күнде ақша жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында түсірген әсерлі видеосы Желіде қызу талқыланған көпбалалы әкеге жаңа үйге үш күнде ақша жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасы бұрынғы үйді бұзып, тек іргетасын қалдырады. Жаңа баспана сол жерге салынады. 

"Қаражат бәріне жетеді, жұмысқа, жиһазға және тағы басқаларына. Қазір екіқабатты жаңа үйдің жобасы бар. Жұмысты екі айда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Халық ақша жіберді, нәтижесін көрсету үшін оны (үйдің құрылысын - авт. еск.) созудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Содан кейін бәрін қонаққа күтемін", - деді Юрий Артыкбаев.

Көпбалалы әке қаражат жинауды тоқтатқысы келетінін айтты. 

"Шын жүректен бүкіл дүние жүзі халқына және Қазақстан азаматтарына алғыс айтамын. Америкадан, Германиядан, Эстониядан, Аустралиядан, Австриядан қоңырау шалып, қолдау көрсетті. Балалар үшін үлкен, жақсы үй салуымды сұрады. Мен ақша жинауды тоқтатқым келеді, өйткені үй салуға жеткілікті", - деді көпбалалы әке. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында тұратын көпбалалы әке әсерлі видео жазған болатын. Ол видеосында таяуда үйі өртеніп, балаларымен далада қалғанын айтады. Ер адам әкімдікке көмек сұрап барған, алайда шенеуніктер оны мазақ қылған.

Ер адамның айтуынша, оның бес баласы бар. 13 маусымда олардың үйі өртеніп, төбесі құлаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети