16 маусым 2020 15:27

Желіде көпбалалы әкенің әсерлі видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында тұратын көпбалалы әке әсерлі видео жазды. Ол видеосында таяуда үйі өртеніп, балаларымен далада қалғанын айтады. Ер адам әкімдікке көмек сұрап барған, алайда шенеуніктер оны мазақ қылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында тұратын көпбалалы әке әсерлі видео жазды. Ол видеосында таяуда үйі өртеніп, балаларымен далада қалғанын айтады. Ер адам әкімдікке көмек сұрап барған, алайда шенеуніктер оны мазақ қылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның айтуынша, оның бес баласы бар. 13 маусымда олардың үйі өртеніп, төбесі құлаған. Көпбалалы әке көмек сұрап, Іле ауданының әкімдігіне барған.

"Әкімнің көмекшісі менімен байланысқа шықты, аты-жөнін білмеймін. Ол инстанцияларға барып, өз ауылдық округтеріне барыңдар деді. Мен оған жағдайды түсіндірдім, осымен көшеде екінші күн түнеп жатқанымызды айттым. Ол маған күлді де "Сіз бұған дейін апат жағдайдағы үйде тұрдыңыз, бұған да үйренесіз" деп айтты", - дейді ер адам.

Көпбалалы әке бұл оқиғаны айтып, көз жасына ерік берді. Ол ақша талап етпейтінін, тек үйді жөндеу үшін материалдар сұрағысы келетінін атап өтті.

Алматы облысының баспасөз қызметі өз кезегінде бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Көпбалалы әке аудан әкімдігіне келді. Өкінішке қарай, біздің әріптестеріміз қажет шараларды қабылдамады. Бүгін әкімнің тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасына уақытша баспана берілді", - деді ведомстводағылар.

Әкімдіктегілердің айтуынша,  баспана демеушілер қаражаты есебінен берілмек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети