09 маусым 2017 13:35

Әсет Исекешев пен Сабина Алтынбекова Астана қонақтарына видеоүндеу жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда қонақтарына жолдаған видеоүндеуінде туристер үшін барлық жағдайды жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда қонақтарына жолдаған видеоүндеуінде туристер үшін барлық жағдайды жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, сіздерді Қазақстан астанасында көруге қуаныштымыз. Ертең халықаралық EXPO-2017 көрмесі ашылады. Әлемнің 115 елінен келген 2 миллионнан аса туристі күтіп отырмыз. Туристеріміз үшін барлық қолайлы жағдайды жасап, осы көрменің олардың естерінде мәңгілік сақталып қалуы үшін барлығын жасаймын. Астанаға қош келдіңіздер!", - деді Әсет Исекешев.

Әкімнің айтуынша, көрме кезінде 200-ден аса мейманхана мен мейрамханалар жұмыс істейді.

"Тамаша мәдени және спорттық бағдарлама дайындадық. Түрлі саладағы 600-ден аса іс шара өтеді - цирк, опера, театр, джаз, рок. Фестивальдер өтеді, театрлар, саябақтар, спорттық чемпионаттар өткізіледі", - деді Исекешев.

Сондай-ақ, әкімнің видеоүндеуінде танымал спортшы Сабина Алтынбаева, скрипкашы Айман Мұсахаджаева, Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катцу мен басқа да адамдар сөз сөйлейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети