14 қыркүйек 2020 09:40

Әсет Масабаев Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсет Масабаев Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мегаполис басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Әсет Масабаев Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мегаполис басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада Масабаевтың кандидатурасы Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихатпен келісілгені жазылған.

Масабаев 1985 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық академиясының, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциясында" электр жабдықтарының маманы болып бастаған.

2008-2010 жылдары "Нас" ЖШС бас энергетигі, "Алмаз және КЮС" ЖШС техникалық директоры болған.

2010-2013 жылдар аралығында жетекші маман міндетін атқарушыдан Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергиямен, жылумен жабдықтау бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтті.

Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімінің орынбасары, Алматы әкімінің бас инспекторы, қаланың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының басшысы, Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың сәуірінен бастап Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети