Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығы наразы студенттердің шағымына жауап берді

21 Маусым 2017, 16:38
0
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығы наразы студенттердің шағымына жауап берді - YouTube видеосынан скриншот
YouTube видеосынан скриншот

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да шетелдік студенттердің шағымы қарастырып, мәселені шешу жолдарын қарастыратын комиссия құрылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне халықаралық медицина факультетінің деканы Гаухар Құрманова айтып берді. 

Қазіргі кезде шетелден келген студенттер өз арызын жазбаша тапсырған. Үндістан мен Иордания азаматтары әділетсіз баға қоюмен қатар, жатақханада орын тек бірінші курс студенттеріне берілетініне наразы. Оның үстіне ЖОО айналасындағы қоршау алып тасалғалы бері студенттерді тонаудың екі дерегі тіркелген. Бірін соққыға жықса, екіншісінің телефонын тартып алған. 

Виза алуға қатысты да шағымдар бар екен. Дегенмен бұл оқу орнының емес, тікелей үкіметтің өкілеттігіндегі шаруа. 

Соңғысы, студенттердің потологиялық анатомия, биохимия және физиология кафедрасының бірнеше оқытушысына шағымдары бар. 

Құрманованың сөзінше, комиссия барлық шағымды қарастырып, қажетінше жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, оқу орнының бірнеше мәселе бойынша нақты ұстанымы бар. 

"Біз студенттердің бағаларға қатысты жауаптарын жіті қарадық. Ол жерде жауап парақтары бос. Бағалар лайықты қойылған. 53 шетелдік студент екілік деген баға алды. Ал қазақша және орысша оқитын студенттерде екілік деген 60 баға бар. Ал олар үндемейді, бағалардың әділ екенін біледі. Емтихандар жүріп жатыр. Шетелдік студенттер өз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзды. Олармен келісімшартты үзуге болатын еді, бірақ, ондайға бармаймыз. Тағы қайталанса, шара қолданамыз. Қазір олар жазғы, ақылы семестрге қалады. Оның уақыты шектеулі емес", - дейді декан. 

Құрманова жатақхана мәселесін оқу орны өздігінен шеше алмайтынын айтады. 

"Бір кездері жатақханалар сатылып кеткен, ал жаңадан салынған жоқ. Қазір Алматы орталығында жер қымбат, жатақхана салу мүмкін емес. Бұл іске министрлік, әкімдік көмектеспесе. Ал әкімдіктің бірінші амалы - қоршауды алғызып тастады. Енді кампустегі қауіпсіздікке жауап бере алмаймыз. Бұл жерде аурухана қалашығы бар, сондықтан өткен-кеткендер көп. Ал кей сабақтар тым кеш аяқталады", - дейді Гаухар Құрманова. 

Оқу орнының өкілдері оқытушыларға қатысты арыздармен келіспеді, өткені студенттердің өзіне қатысты 140 баянат бар екен. 

"Бұл дәрістерге немқұрайлы қарау, сабақтан қалу, кешігу, дайындалмау, ағылшын тілін нашар білу. IELTS 6,5 деңгейі бар оқытушыларға шағым жасайды. Мәселен, патологиялық анатомияны Алматының бас патологоанатомы жүргізеді. Оқытушылардың бірі Нью-Йорк университетінде жұмыс істеп келді. Олардың бәрі ағылшын тілін тамаша біледі, біз олардың сабақтарына қатыстық, студенттер дайындықсыз келеді", - дейді Құрманова. 

Еске салайық, 20 маусымда Иордания мен Үндістаннан келген студенттер Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да наразылық шарасын өткізген еді. Осыған байланысты 280 орындық акт залында талқылау өткізу ұсынылып, оған адамдар лық толды. Оқу орнының басшылығы мәселені шешетін комиссия құруды ұсынды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай