04 желтоқсан 2017 12:24

"Аш адамның шығармашылық жетістігі жоғары деп есептеледі" - министр Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © unsplash.com Иллюстрациялық сурет. © unsplash.com

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы өнер саласы қызметкерлерінің табысы туралы айтып берді, - деп хабарладйы Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы өнер саласы қызметкерлерінің табысы туралы айтып берді, - деп хабарладйы Tengrinews.kz тілшісі. 

"Рас, еңбекақылары төмен. Аш адамның шығармашылық жетістігі жоғары деп есептеледі. Жұрт Бетховен, Моцартты мысалға келтіреді - барлығы ауыр тұрмыс кешіп, керемет туындылар жазды. Қаржыгерлеріміздің сөзінде жан бар шығар, аз ақша алса да таланттарымыз халықаралық деңгейде көрініп жүр. Дегенмен жоғары деңгейдегі әртістеріміз талантымен жетсе, кітапхана, музей, мәдениет үйі сияқты әлсіз салалар қаржы құюды қажет етеді", - дейді министр Мәжілістегі үкімет сағатында. 

Ал қаржы вице-министрі Татьяна Савельева 2005 жылдан 2011 жылға дейін мәдениет саласы қызметкерлеріне еңбекақы бес рет көтерілгенін айтады.

"Әр кезде 25-30 пайыздан. Соңғы рет 2016 жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы төмен екенін ескере отырып, 40 пайызға арттырылған", - дейді ол. 

Ал еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ең осал мамандықтар кітапханашы мен архивариустар екенін мәлімдеді. 

"Бүгінде кітапханашыларға 50 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтерілді, ал архивариустарға 44 мыңнан 62 мыңға дейін артады", - дейді Жақыпова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети