11 желтоқсан 2023 | 17:56

Асхат Шахаров: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында экологиялық мәселелерді шешу жеделдетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының өңірдегі өзекті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалары аясында атқарылып жатқан шараларды айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының өңірдегі өзекті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалары аясында атқарылып жатқан шараларды айтып берді.

"Мемлекет басшысы жуырда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында экология саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Бұл мәселені шешу мақсатында жол картасы әзірленді. Оны дайындауға азаматтық қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен уәкілетті мемлекеттік органдар тартылды. Құжат өзекті экологиялық мәселелерді қамтиды, бұл бағыт бойынша алдағы үш жылда тиімді шаралар қабылданады", — деді Асхат Шахаров.

Айта кетерлігі, Ақтөбе облысында 80 пайыз тозығы жеткен Ақтөбе қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарының мәселесі жақын арада күн тәртібінен түспек. Облыс орталығында жаңадан тазарту қондырғылары салынады. Жалпы құны 53,5 млрд теңгені құрайтын жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырады. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарлануда.

Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.52  course up  543.02  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer