22 ақпан 2017 20:39

Асқар Мамин казақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінде болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© imtlink.com © imtlink.com

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қаржы министрі Берік Сұлтанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин бар.

Астанадан келген жұмыс тобына ОҚО əкімі Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы 4 кеден бекетін аралап көрсетті. Асқар Мамин бастаған топ казақ-өзбек шекарасындағы "Б.Қонысбаев", "Жібек-Жолы", "Қапланбек" кеден бекеті қызметімен танысты.

Сапар барысында делегация мүшелері "Б.Қонысбаев" атындағы кеден бекетін көршілес Өзбекстан аумағына дейін кеңейту мәселесін талқылады. Сонымен қатар, олар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыруды және Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді сауда - экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын сөз етті.

Өзбекстанмен арадағы негізгі кеден бекеттерінің бірі болып табылатын "Б.Қонысбаев" бекеті автокөліктерді өткізуге арналған. Аталған кеден бекеті арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, алыс шетел (Иран, Түркия) мемлекеттерінің тауарлары мен көлік құралдары өтеді. Мәселен, өткен 2016 жылы осы бекет арқылы 42 мың жүк көлігі және 11 мың жеңіл автокөлік құралдары өткен.

Іссапар барасында делегация құрамы 2009 жылы қайта жөндеуден өту кезінде салынған "Жібек Жолы" бекетіндегі жолаушылар терминалына барды. Заманауи терминалдың пайдалануға берілуі ондағы жеке тұлғаларды тәуліктік өткізу мүмкіндігін 14 мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 2006 жылы өткізу қабілетін арттыру мақсатында реконструкцияланған "Қапланбек" кеден бекеті қызметінің аймағында аумағын кеңейтуді талап ететін Келес өзені арқылы өтетін көпір қаралды. Бүгінгі таңда, осы бекеттің 28 мыңнан астам жүк және жеңіл көлік құралдарын, сонымен қатар, шамамен 2 мыңға жуық жеке тұлғаларды өткізуге қабілеті бар.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара желісінің ұзындығы 958,76 шақырымды құрайды. Шекара маңындағы кеден бекеттерінің инфрақұрылымы бар және барлық заманауи электронды кедендік бақылау құрылғыларымен жабдықталған. Бұл барынша қысқа мерзімде ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға және рәсімдеуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған 3 кеден бекетінен өткен 2016 жылы 6 миллионнан астам жеке тұлға мен 84 мыңға жуық жүк және жеңіл көлік өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети