19 маусым 2020 09:04

Асқар Мамин оқшаулану режимінен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин оқшаулану режимінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов хабарлады.  


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин оқшаулану режимінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов хабарлады.  

"Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді", - деді ол.

Сондай-ақ бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған білім беру министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынды. Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады", - дейді Садық Әкіжанов. 

Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтіп жатыр. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети