Асқар Мамин: Президент бастамалары іске асырылады

12 Наурыз, 15:09
3
Асқар Мамин: Президент бастамалары іске асырылады - © primeminister.kz
© primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Президенттің тапсырмалары толыққанды орындалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Президенттің барлық бастамасы қаржыландырумен қамтамасыз етіледі және толық көлемде жүзеге асырылады. Экономиканың тұрақты өсуі - бұл біздің негізгі міндетіміз. Біз биыл ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) өсімінің кемінде 5 пайызына қол жеткізуіміз керек. Ол үшін барлығы жұмыла кірісуі қажет", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Отырыс барысында министрлер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің қаңтар-ақпан айларының қорытындысын шығарды. Тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, машина жасау, сауда, көлік саласы, ауыл шаруашылығы салаларындағы өсімнің оң динамикасы атап өтілді. Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,5 пайызға өсті. 

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды.

"Мемлекет басшысы Қазақстанда туризмді дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Туристік саланы дамыту аясында біздің алдымызда күрделі, бірақ орындалатын міндет тұр. Туризм Қазақстан экономикасының қозғаушы күші болуы керек", - деді Мамин.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ЖІӨ туристік саланың үлесі 2025 жылға қарай 8 пайызға жетеді, туризмді дамыту үшін инвестиция көлемі таяу жеті жылда 2 триллион теңге болады, 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады, туристер саны жылына 7 миллионнан 15 миллион адамға дейін артады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай