04 наурыз 2021 15:13

Асқар Мамин "Теңізшевройлды" кеңейту жобасы мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Primeminister.kz Фото: Primeminister.kz

Асқар Мамин Chevron компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

"Шеврон" - Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) – үш ірі жобада активтері бар Қазақстандағы ірі шетел инвесторы. 

2020 жылы "Теңізшевройл" 26,5 миллион тонна шикі мұнай өндірді. Мемлекетке тікелей қаржылық төлемдер 6,6 миллиард доллар болды, 3,5 миллиард доллардан астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды.

"Теңізшевройл" газы Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 миллион тонна) өндірісі бойынша екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

Тараптар "Теңізшевройлды" кеңейту жобасын іске асыру мәселесін талқылады, оның аяқталуы бойынша компания 2023 жылы өндіруді 12 миллион тоннаға дейін арттырады, бұл жылына шамамен 39 миллион тонна болады.

Кездесуге энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети