27 қыркүйек 2022 14:50

Әскерден жалтарған ресейліктер қандай жағдайда еліне қайтарылады? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі әскерден жалтарған ресейліктер қандай жағдайда еліне қайтарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі әскерден жалтарған ресейліктер қандай жағдайда еліне қайтарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде Ресеймен құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды алмастыру және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша шарттар бар. Бізде де, Ресей Федерациясында да ең маңызды қағида - қылмыстық іс. Сонымен қатар, іздестіру жарияланған жағдайда оларды анықтап, Ресейге экстрадициялау тәртібі бойынша қайтарамыз", - деп жауап берді Марат Ахметжанов.

Министр сөз Ресейдің мобилизацияға қатысты азаматтары туралы емесін айтты.

"Бұл қылмыстық құқықбұзушылық болса, бүгінде күн сайын Ресей тарапынан да, біздің тарапымыздан да Минск конвенциясы аясында және парламенттер ратификациялаған құқықтық көмек көрсету аясында қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе мобилизация туралы емес, мен тіркелген, санкцияланған және халықаралық іздеу жарияланған қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы айтып отырмын. Әскери комиссариаттар іздейтін болса, бұл оларды қайтаруға құқықтық негіз саналмайды", - деп түйіндеді Қазақстан ІІМ басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети