30 қазан 2016 12:46

Астана әлемдегі ТОП-21 ақылды қалалар тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интеллектуалдық қауымдастық форумының (АҚШ) рейтингі бойынша Астана 2016 жылы топ-21 ақылды қалалар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.


Интеллектуалдық қауымдастық форумының (АҚШ) рейтингі бойынша Астана 2016 жылы топ-21 ақылды қалалар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.

Осы күндері Астананың он жылдан астам уақыттан бері әлемдегі қалалардың дамуын бағалауды талдаумен айналысатын "Топ-21" ақылды қалалардың ICF рейтингіне енгені мәлім болды.

ICF мәліметтеріне сәйкес, биыл "әлемнің ақылды қалаларының тізімі" желілік технологиялар саласындағы ірі компания Сisco-ның бұрынғы басшысы Норман Джэникс бастаған талдаушылар тобымен жасалған.

ICF тең құрылтайшысы Джон Юнгтің атап өтуінше, тізімге сандық теңсіздік ғасырында жергілікті экономика мен қоғамды құруда сандық құралдарды пайдаланатын қалалар, өңірлер мен қауымдастықтар тобы енген.

Рейтингке Канада, Тайвань, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдерінен бірқатар қалалар еніп отыр. Енді олар "ТОП-7" ақылды қалалардың қатарына енуге ұмтылады, оның нәтижелерін 2017 жылы ақпан айында Тайпей қаласында жариялау жоспарланған.

Еске салайық, екі жыл бұрын Астана Огайо штатында өткен үшінші Ақылды қауымдастықтар симпозиумында (АҚШ) "The Intelligent Community Forum" беделді рейтингі бойынша "ТОП-21" ақылды қалалар тізіміне енген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети