09 қаңтар 2017 | 14:18

Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары уақытша тіркеуге кез келген ХҚКО-да тұра алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vaktobe.kz © Vaktobe.kz

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары уақытша тіркеуден кез келген ХҚКО-дан өтулеріне болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары уақытша тіркеуден кез келген ХҚКО-дан өтулеріне болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады. Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚКО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұл азаматтарға уақытша тіркеу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. "Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалалардағы тұрғындарға жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Мысалы, пәтер Есіл ауданында орналасқан болса, онда Есіл аудандық ХҚКО-ға бару керек еді. Енді бұл қалалардың тұрғындары көші қон полициясы қызмет ететін кез келген ХҚКО-ға баруларына болады", - деп түсіндірді мемлекеттік корпорация өкілі Данияр Еренчинов.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және құжаттандыру бойынша қызметтерді азаматтардың қолайлылықтары үшін республика бойынша 240 халыққа қызмет көрсету орталықтарында отырған, көші қон полициясы қызметкерлері көрсетеді.

Еске салайық, түрғындардың көптеп келуіне байланысты ХҚКО-лар Рождество күні және жексенбі, 8 қаңтарда да жұмыс істеді. 

Тіркелу шарттарын мен ретін жеңілдету мақсатында, соның ішінде қоғамның әлсіз топтары үшін өтініш берілген күні тіркеу жасалады. Бұрынғы тіркелген орыннан шығудың қажеті жоқ, тұрақты мекенжайы жоқ ададмдар үшін бейімдеу орталықтарына тіркеу қарастырылған, жеке куәлік жоқ, жоғалып қалған немесе жарамсыз болған жағдайда уақытша жеке куәлікпен тіркеу қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети