13 сәуір 2023 16:43

Астана әуежайының жанындағы өрт аумағы үш есеге ұлғайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық өртсөндірушілер Астана әуежайының аумағында құрғақ шөп өртін жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы үш гектарға дейін ұлғайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша, құрғақ шөп пен қамыс өртенген аумақ бір гектардан үш гектарға дейін өскен.

"Қазіргі таңда өртті Астана ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 5 техника, қала әкімдігінің 4 су шашатын машинасы сөндіріп жатыр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады. Шөптің құрғақ болуына және жел соғуына байланысты өрттің жылдам таралуы сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети