30 қыркүйек 2016 | 14:08

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің Ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР аккредиттелген 50-ден астам дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің Ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР аккредиттелген 50-ден астам дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Кездесу барысында басқарма төрағасы "Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру жұмыстарымен толығырақ таныстырып өтті. Қазіргі таңда 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындығы ресми расталды. Секция комиссарларының 98-і тағайындалды. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда 82 қатысу келісімшартына қол қойылды. Сондай-ақ, 61 мемлекет Ұлттық күні өткізілетін нақты уақытты белгіледі.

"Халықаралық қатысушылар павильондары үстіміздегі жылдың қазан айының аяғында 100 пайыз аяқталатын болады. Бұдан кейін біз инсталяция және басқа да жұмыстарын жүргізу үшін қатысушыларға павильондарды беретін боламыз. Айта кетер мәселе, қазір келесі айдың аяғына дейін таратылатын небәрі 5-ақ орын қалды", - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, ұлттық компания басшысының атап өткендей, бүгінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қазақстандық және шетелдік серіктестермен 125,5 миллион еуро келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды.

Өз сөзінен кейін ұлттық компания басшысы шетелдік қонақтардың шетелдік қатысушыларға арналған жеңілдік бағдарламалары, елшілік тарапынан келетін делегацияларға арнайы билет бағдарламасы және тағы да басқа мәселерге қатысты сұрақтарына түбегейлі жауап берді.

Айта кетейік, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі.

Осыған дейін ЭКСПО-2017 көрмесінде коммерциялық сервистерді жүзеге асырудан 500 мыңнан астам еуро түсіру жоспарланғаны хабарланған болатын. 

ұл туралы "ЭКСПО-2017 көрмесінің коммерциялық сервистері" бағдарламасын таныстыру барысында Ұлттық компанияның коммерцияландыру департаменті директорының орынбасары Илья Оразақов мәлімдеді.

Илья Оразақов көрме кешені аумағында мыналарды ұйымдастыру жоспарланғанын айтты:  дәріханалар, төлем сервистері, ҚР бойынша турлар ұйымдастыру қызметтері, баспахана, өндірістік, жөндеу қызметтері, ұйымдастырушылық техниканы жалға беру, фото және бейне түсірілімдер, жөндеу қызметтері, автокөлікті жалға беру, аударма қызметтері, ателье, заң қызметтері, консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік) және тағы да басқалары. "Бүгінгі таңда көрме шеңберінде көрсетілетін 25-30 коммерциялық сервиске талдау жасалып жатыр. Әрбір пункт бойынша 3-6 компанияны іріктеу жоспарланған. Бұл сервистерді қамтамасыз ететін қызметкерлер саны - 5-10 мың адамды құрайды", - деді Илья Оразақов. Сондай-ақ, осыған дейін Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети