Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

ЭКСПО-2017 көрмесінде коммерциялық сервистерді жүзеге асырудан 500 мыңнан астам еуро түсіру жоспарланған

30 Қыркүйек 2016, 12:59
0
© pm.kz
© pm.kz

ЭКСПО-2017 көрмесінде коммерциялық сервистерді жүзеге асырудан 500 мыңнан астам еуро түсіру жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы "ЭКСПО-2017 көрмесінің коммерциялық сервистері" бағдарламасын таныстыру барысында Ұлттық компанияның коммерцияландыру департаменті директорының орынбасары Илья Оразақов мәлімдеді.

Илья Оразақов көрме кешені аумағында мыналарды ұйымдастыру жоспарланғанын айтты:  дәріханалар, төлем сервистері, ҚР бойынша турлар ұйымдастыру қызметтері, баспахана, өндірістік, жөндеу қызметтері, ұйымдастырушылық техниканы жалға беру, фото және бейне түсірілімдер, жөндеу қызметтері, автокөлікті жалға беру, аударма қызметтері, ателье, заң қызметтері, консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік) және тағы да басқалары.

"Бүгінгі таңда көрме шеңберінде көрсетілетін 25-30 коммерциялық сервиске талдау жасалып жатыр. Әрбір пункт бойынша 3-6 компанияны іріктеу жоспарланған. Бұл сервистерді қамтамасыз ететін қызметкерлер саны - 5-10 мың адамды құрайды", - деді И.Оразақов.

Коммерциялық сервистер бойынша, ЭКСПО табысы 500 мыңнан астам еуроны құрайды деп болжанып отыр.

"Іріктеу рәсімі қарапайым және ашық. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қазірдің өзінде құжаттарды қабылдай бастайды. Алдын ала қарап, құжаттаманы талдағаннан кейін сіздерді комиссияға шақырамыз, онда компания өкілдері презентация жасайды. Іріктеу екі критерий бойынша жүргізіледі: бірінші - компанияның өзін, оның жұмыс тәжірибесін бағалау және екіншісі - мамандандырылған критерий", - деп атап өтті Илья Оразақов. Оның айтуынша, барлық қызығушылық танытқан тұлғалар қажетті құжаттамамен ұлттық компанияның сайтында жақын уақытта таныса алады.


Премьер-министрдің сайтынан алынған сурет

Еске салсақ, халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. 

Сондай-ақ, осыған дейін Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген болатын. 

Отырысқа қатысушылар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының жұмыс барысын қарастырды. Көрмені насихаттау, волонтерлік қызмет, туристік пакеттер әзірлеу, Астанадағы нысандардың көрмеге келушілерді қабылдау дайындығы, астаналық әуежай терминалының құрылысы, қонақ үйлер қорының әзірлігі және логистика мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысын бақылауға алуды және көрме нысандарының мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай