29 қыркүйек 2016 13:08

Сағынтаев ЭКСПО-2017 жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Отырысқа қатысушылар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының жұмыс барысын қарастырды. Көрмені насихаттау, волонтерлік қызмет, туристік пакеттер әзірлеу, Астанадағы нысандардың көрмеге келушілерді қабылдау дайындығы, астаналық әуежай терминалының құрылысы, қонақ үйлер қорының әзірлігі және логистика мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысын бақылауға алуды және көрме нысандарының мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Айта кетейік, осыған дейін Сағынтаев құрылыс индустриясындағы қазақстандық қамтуды арттыруды тапсырған болатын. Премьер-министр Мемлекет басшысының "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасын құру жөніндегі тапсырмасын тиімді және сапалы атқарудың маңыздылығын атап өтті. Осыған қатысты Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа тапсырма берді.

"Мен ұлттық экономика министріне "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша нарық мүшелерінің және қызығушылық танытқан барлық тараптармен талқылау және кеңес беру тұтас алгоритмін құруды тапсырамын. Бізге жұмыс барысында кездесетін барлық мәселелерді ескеріп, жаңа әдістерін анықтау қажет. 2017 жылы жаңа бағдарламаның жаңа форматында жұмыс істеуіміз керек", - деп Бақытжан Сағынтаев осы бағытқа байланысты жаңа жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Сонымен қатар, премьер-министр құрылыс нысандарын салу барысында қазақстандық материалдардың үлесін арттырудағы маңызын атап өтті."Тағы бір маңызды мәселелердің бірі - құрылыс жұмыстары кезінде отандық өнімдерді пайдалану. Бүгінде олардың үлесі 58 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттыру аса маңызды болып есептеледі. Тұрғын үй бағдарламасы операторларын құрылыс жұмыстарын жүргізетіндермен бірге осы мәселені бақылауда ұстау қажет. Сондай-ақ, құрылыс индустрия кәсіпорындары баға тұрғысынан да, сапалық жағынан да бәсекеге қабілетті болуы қажет", - деді Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети