Астана және Алматыда ауа райы күрт өзгереді: болжам

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана және Алматыда ауа райы күрт өзгереді: болжам

Қазгидромет синоптиктері 24–26 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 24–26 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

24 маусымда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градус.

25 маусымда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы. Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +22…+24 градус.

26 маусымда елордада қайтадан кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. құбылмалы бұлтты, жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +18…+20 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

24 маусымда Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел – солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз жазғы ыстық – +32…+34 градус.

25 маусымда да жауын-шашын күтілмейді. құбылмалы бұлтты, жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндізгі ыстық +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.

26 маусымда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +28…+30 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +32
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +34
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +34
П
Павлодар +33
Петропавл +33
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +36
Түркістан +20
О
Орал +30
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер