Астана-Қарағанды тасжолында мыңнан аса көлік қалып қойды

20 Желтоқсан 2016, 10:46
0
Астана-Қарағанды тасжолында мыңнан аса көлік қалып қойды -

Астана-Қарағанды тасжолында мыңнан аса көлік қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгелерге сілтеме жасап.

"Біз Қарағандыдан шықтық, бұған дейін ШҚО-дан келе жатқанбыз. Басқа тасжолдар жабық, осында жүріңдер деді, бірақ Осакаровқа жете алмадық. Түнгі үштен бері тұрмыз. Мұнда 1118 көлік бар. Жүргізушілер айналып өткісі келіп жатыр, бірақ жел күшті, жолды қар жауып қалған. Арнайы қызмет жоқ, ешкім тазалап жатқан жоқ", - деді жүргізуші.

Ал ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ТЖ қызметінің қар құрсауында қалып қойған көліктерді емес, адамдарды құтқару екенін атап өтті. "Біз келіп, адамдарды эвакуациялай аламыз, бірақ олардың ешқайсысы көлігін тастап кетуге келісім бермейді. Ал жолды басқа органдар тазалайды. Мұнда мәселе басқада, адамдар неге осындай ауа райында жолға шығады? Жолдардың жабылғаны туралы мәлімет "Қазавтожол" мен ТЖ жөніндегі Комитеттің сайтында тұр. Мұндай ауа райында жолға шығуға болмайды", - деді ол. 

Ал "Қазавтожол" өкілдері 19 желтоқсаннан бері Ақмола облысы бойынша сегіз жолға шектеу қойылғанын атап өтті. "Жолды тазалау жұмыстарымен біз айналысамыз. Алайда әзірше жел тоқтамайынша, шектеу алып тасталмайды. Норматив бойынша, ауа райы жағдайы тұрақты болғанда тазалау жұмыстары жүргізіледі. Екатеринбург-Алматы тас жолы бойынша 1280 мен 1353 шақырым аралығы жабылған - Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай