Астана маңындағы отбасының өлімі: күдікті реактивті психоз жағдайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңындағы отбасының өлімі: күдікті реактивті психоз жағдайында Мұрағаттық фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында отбасының өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында отбасының өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтің айтуынша, қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы министрдің орынбасары Сенат отырысының кулуарында журналистерге мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру"), 3-бөлігі бойынша тергеуді аяқтап жатырмыз", - деді Санжар Әділов.

ІІМ басшысының орынбасары күдікті стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатқанын нақтылады.

"Күдікті қазір стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Ол реактивті психоз жағдайында", - деп мәлімдеді Әділов.

Еске сала кетейік, наурыздың басында мессенджерлерде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасы мүшелерінің аяусыз өлтірілгені туралы үрейлі ақпарат тараған болатын. Полицейлер ізін суытпай күдіктіні ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұған дейін Санжар Әділов күдікті бұған дейін басқа тергеу аясында есі дұрыс емес деп танылғанын айтқан еді.

Тағы оқыңыз: Астана іргесіндегі отбасы өлімі: күдіктінің өткен өмірі туралы мәлімет белгілі болды

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер