20 маусым 2024 15:01

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

21 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 градус жылы.

22 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

23 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

21 маусымда қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

22 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.

23 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети