Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 4, 5 және 6 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 4, 5 және 6 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

4 маусымда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +26...+28 градус.

5 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +28...+30 градус.

6 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +26...+28 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

4 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, түнде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +29...+31 градус.

5 маусым құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.

6 маусымда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +26...+28 градус.

Аптап және нөсер: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райының құбылмалы сипаты сақталатынын хабарлаған болатын: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. 4 маусымда еліміздің батыс өңірлерінде, 4-5 маусымда солтүстік-батыста және солтүстікте, 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында нөсер күтіледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +31
П
Павлодар +28
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +27
О
Орал +32
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер