Астана мен Алматыдағы 15-17 мамырға арналған ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыдағы 15-17 мамырға арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 15, 16 және 17 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 15, 16 және 17 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

15 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +21...+23 градус болады.

16 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

17 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

15 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

16 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +21...+23 градус болады.

17 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында күрделі синоптикалық жағдай күтілетінін хабарлаған болатын. Елдің батысы мен оңтүстігіне жаңбыр, найзағай және 35 градусқа дейін ыстық әкелетін оңтүстік циклон әсер етеді, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда суық антициклон сақталады. Толық болжамды мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   555.21   6.47 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер