23 қаңтар 2014 19:12

"Астана Опера" бүлдіршіндер іріктелетінін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото ©Алтынай Жумжумина фото ©Алтынай Жумжумина

"Астана опера" театры опера және балет студиясына ән мен биге икемі бар бүлдіршіндерді іріктеу басталғанын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана Опера" мәлімдегеніндей балет студиясына 8-10 жастағы оқушылар қабылданатын болса, опера студиясына 6-15,ал хор мен инструментальді ансамблге 10-нан 16 жасқа дейінгілер іріктелініп алынады. "Студияға қабылданған жас өрендер қай бағытты таңдағанына қарамастан ата-аналар әр баласы үшін айына 10 мың теңге төлеуі тиіс болады. Бұл сомма сондай-ақ ата-аналарға балалары мен театр алдындағы жауапкершілікті жүктеп, әр қойылым, әр концерттерге келіп тұруына мүмкіндік те беретін болады", - "Астана Опера" академиялық балалар студиясының менеджері Майя Бекназар. Оның сөзіне қарағанда, балет сабақтары аптасына 6 рет өтеді. "Театр - бұл алып ғимарат, шығыны да аз емес. Астана қаласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізгенімізде біз мұндағы ұстаздардың әр оқушыны кез келген мамандыққа үйреткені үшін сағатына 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін ақы сұрайтынын анықтадық. Ал оқушыларды үлкен концерттерге қатыстырып, түрлі байқауларға дайындайтын "Астана Опера" сұрап отырған қаржыны көп деп айту негізсіз" деді Бекназар ханым. Ол сондай-ақ іріктеуден өткен балалар дайын болған күннен опералық спектаклдерге қатысып, көпшілік алдына сахнаға ересек әртістермен бірге шығатынын атап өтті. Театрдың музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов жуырда театр жанынан балаларға арналған симфониялық оркестр ашылатынын, онда шет елден келген өнер майталмандары кезең-кезеңімен сабақ та өткізетінін мәлім етті. "Біз қазірдің өзінде атақты "Ла Скала" академиясының ұстаздарымен келісімге келіп отырмыз. Шетелдік мамандар алдағы айларда біздің оқушыларға вокалдан бөлек, итальян тілін де үйрететін болады. Италия - операның отаны. Әр бала осы бастан опера өнеріне толықтай бет бұратын болса, онда олар ән айтуды үйреніп қана қоймай, мектеп бітіргенге дейін итальян тілін де жақсы меңгеріп шығуына мүмкіндік алады", - дейді А.Мұхитдинов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети